Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4
5

Научные конференции 2024

Международный научно-исследовательский журнал, публикации РИНЦ, GeoRef, DOI
РЕКЛАМА


расширенный поиск
]]>

 

Публикация статей
за 3 дня

*eLIBRARY


Наши преимущества: 

• Быстрое размещение в Elibrary 
• Простые требования оформления 
• Присвоение ISBN 
• 
Справка о публикации, Сертификат, Диплом
• Оплата без комиссии

РЕКЛАМА

 

 

РЕКЛАМА
]]>

 

РЕКЛАМА

 


РЕКЛАМА
Добавить «Золотую ленточку»

17 ноября 2017 г. — 17 ноября 2017 г., срок заявок: 25 октября 2017 г.

"Жас ғалымдардың агралық ғылымдағы инновациялық амалдары мен келешегі мол идеялары» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Выслать ссылку по e-mail

Казахстан, Кайнар, Алматинская область (издание включено в: РИНЦ)

Форма участия: очно-заочная

Язык информации: Русский | Казақша

Құрметті әріптестер!

Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты сіздерді  2017 жылдың 17  қарашасында өтетін биотехнология және жасушалық селекция саласындағы еңбегң сіңген ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Лигай Герман Леонтьевичті (22.11.2017 ж. 75 жасқа толар еді) еске алуға арналған «Жас ғалымдардың агралық ғылымдағы инновациялық амалдары мен келешегі мол идеялары»» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Карасай ауданы,  Қайнар ауылы, Наурыз көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС өтеді (пошталық индекс 040917).
Байланыс телефоны (8-72771) 3-75-94, 3-75-10. Конференция ұйымдастыру комитетінің ресми электрнды пошта мекен-жайы: ligay75@kazniiko.kz

Конференция тақырыптық секциясы:
1) Өсімдік биотехнологиясы, жасушалық селекциясы және гендік инженерия;
2) Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің генетикалық ресурстары, селекциясы және тұқым шаруашылығы;
3) Ауыл шаруашылық дақылдарының инновациялық агротехнологиялары;
4) Өсімдіктерді тыңайту мен қорғаудың экологиялық қауіпсіз жүйелері;
5) Топырақ құнарлылығын сақтау мен қайта өндіру;
6) Өсімдік өнімдерін сақтау пен қайта өңдеу;
7) Өсімдік шаруашылығындағы технологиялық үдістерді механикаландыру.

Конференция жұмысына қатысу реті

Конференция аясында ауызша және стендтік баяндамалар жасау жоспарлануда.
Конференция жұмысына қатысуға ниет білдіргендердің барлығы 2017 ж. 15 қазанына дейін сауалнама-өтінімді жіберуі керек. Конференция бағдарламасы өтінім берілген баяндамалар негізінде құрастырылатын болады. Әр қатысушы бірінші автор ретінде тек бір мақала және екі мақалаға авторлас ретінде ұсына алады. Конференция материалдары конференция басталғанға дейін материалдар жинағы ретінде жарияланатын болады. Ұйымдастыру комитеті жіберілген материалдардың тек ережеге сай келетінін қалдыру құқығына ие. Материалдарды 2017 жылдың 25 қазанына дейін жіберу қажет, одан кеш жіберілген мақалалар қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың мазмұнына авторлар жауап береді және олар авторлық редакциямен жарияланады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ (kaz), орыс(rus), ағылшын(eng).
Ғылыми мақалалар тегін жарияланады.

Жас ғалымдардың үздік баяндамаларына сыйақылар қарастырылған:
Гран-при - 50 000 теңге;
1 орын - 40 000 теңге;
2 орын - 30 000 теңге;
3 орын - 20 000 теңге;
Ынталандыру сыйлықтары (3 орын) - 10 000 теңнге.

Үздік ғылыми баяндамаларды бағалау кезінде жас ғалымдардан құралған әділқазылар пікірі есепке алынады.

Сауалнама-өтінімдерді ligay75@kazniiko.kz жіберулеріңізді сұранамыз.
Қатысушылардан сауалнама-өтінімдер мен жариялау үшін материалдар алынғаннан кейін  шақырту мен конференци Бағдарламасы жіберілетін боалды.
Жауапты тұлға - Рахымжанов Біржан Сұлтанұлы, ҚазККШҒЗИ аналитика, консалтинг және коммерцияландыру бөлімінің меңгерушісі. Байланыс телефоны: (8-72771) 3-75-94; Ұялы тел.: +7 705 5696972 (What’sApp, Telegram).

Баяндамаларды рәсімдеу талаптары:
Әр қатысушы бірінші автор ретінде тек бір мақала және екі мақалаға авторлас ретінде ұсына алады. Мәтін теру Word редакторында (doc, RTF нысандары), Times New Roman шрифті, 14 кегль,  жол аралық қашықтығы бір тармақ аралығы, абзац мөлшері - 1,0 см, алаң мөлшері: жоғары, төмен, сол және оң жақтары - 2 см. Баяндаманың жоғарғы сол жағында ӘӨЖ көрсетіледі,  бір аралық төмен ортасында баяндама аталымы (жуан бас әріптермен). Баяндама аталымынан бір аралық төмен - авторлардың тегі,  аты-жөні. Одан төмен ортада - мекеменің толық аталымы, мекені, электрондық почтасы.
Мекеме атауынан кейін бір аралық төмен мақаланың жазылу тілінде қысқа мазмұны мен кілтті сөздер жазылады (5-7 сөз).  Баяндама мәтіні кілтті сөздерден кейін бір аралық төмен қызыл жолдан басталады.
Мақаланың негізгі мәтіні стандартқа сай кіріспе, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеу нәтижелері, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұруы тиіс
Суреттер мен графиктер ақ-қара түсте және анық болуы тиіс.  Әдебиеттер тiзiмi мақала соңында мәтiнде колдану ретiне сәйкес қойылып, мәтiндегi сiлтемелер тікбұрышты жақшалармен ерекшеленеді.
Әдебиеттер тізімінен кейін ағылшын тілінде  қысқаша аңдатпа (мақала атауы мен автордың ТАӘ, мекеменің толық атауы, Мемлекеті, Елді-мекені, электрондық почта) мен кілтті сөздер келтіріледі.
Мақаланың жалпы көлемі - 5 бетке дейін. Мақала беттері нөмірленбеуі тиіс.
Ұйымдастыру комитетi  белгіленген мерзімнен кеш түскен, мазмұны конференция тақырыбына және  көрсетiлген ережелерге сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы екендігін ескертеді (1-2 қосымшалар).
Файл представленной работы следует называть по фамилии первого автора.

Ұсынылған жұмыстың файлы бірінші автордың тегі бойынша жазылады.    

Қосымша 1
Материалды рәсімдеу сызбасы
ӘОЖ
Бос жол
МАҚАЛА АТАУЫ
Бос жол
Иванов И.И.
Мекеменің толық атауы, Мемлекеті, Елді-мекені, электрондық почта
Бос жол
Қысқаша мазмұны
Кілтті сөздер
Бос жол
Кіріспе
..............................
Зерттеу материалдары мен әдістері
..............................
Зерттеу нәтижелері
..............................
Қорытынды
..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
TITLE OF THE ARTICLE
Ivanov II
Full name of organization, city, country, e-mail address
Abstract
Keywords

Қосымша 2

«Жас ғалымдардың агралық ғылымдағы инновациялық амалдары мен келешегі мол идеялары»» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға
ӨТІНІШ
« __ »  __________ 2016 ж.

Мен,______________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты толығымен)

1 Конференцияға баяндамашы ретінде қатысуға:
__________________________________________________________________.
(баяндама атауы)
__________________________________________________________________

2 Конференция баяндамаларын талқылауға қатысуға.
ниеттеніп отырмын (керектісін белгілеңіз):
3. Секция атауы: ____________________________________________.

Мен мақаланы оның ғылыми мәнісі мен мазмұнын өзгертуге ұшыратпайтын редакторлық-баспагерлік өңдеулер жасауға келісемін.
Мен мақаланың ҚазККШҒЗИ сайты мен басқа да электронды базаларға ашық түрде орналастарылуына келісемін.
Мен мақаланы дәйексөздеу мақсатында ғылыми-екшелеу ақпарат базаларына орналастыруға келісемін.
Мен мақаланы дәйексөздеу мақсатында Researchgate желісіне орналастыруға келісемін.
Мен менің жеке мәліметтерімді конференция жинағына және Ресей ғылыми дәйексөздеу индексі (РИНЦ) жүйесінде дәйексөздеу мақсатында Еlibrary.ru (www.elibrary.ru) Ғылыми электронды кітапханасына автор(лар) туралы мәліметтерді орналастыру үшін өңдеуге  келісемін.

Қатысушы туралы мәлімет:
Ұйымның толық атауы _____________________________________________
Қызметі __________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі және атағы (бар болса)_________________________________________
Тел./факс  ___________________________________________________________________
Е-mail  ______________________________________________________________________
Жазбалар алмасу үшін мекеме атауы (пошталық) __________________________________

Автор  ____________________   _____________    « ___»    ________  2017  ж.
                          (Тегі, аты, әкесінің аты)                      (қолы)

При обращении к организаторам мероприятия обязательно ссылайтесь на сайт «Конференции.ru» как на источник информации.

Последний день подачи заявки: 25 октября 2017 г. (приём заявок закончен)

Организаторы: Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Контактная информация: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Карасай ауданы, Қайнар ауылы, Наурыз көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (пошталық индекс 040917). Байланыс телефоны (8-72771) 3-75-94, 3-75-10.

Эл. почта: ligay75@kazniiko.kz

Приложения: Информационное письмо (.ученых КазНИИКО - 17 ноября 2017 г (рус).docx, 33.955 КБ)

Поделитесь информацией о мероприятии со знакомыми:

Для отправления сообщения оргкомитету Вы должны быть зарегистрированы и авторизованы на сайте

РЕКЛАМА

Сообщение об ошибке отправлено администратору!
Спасибо за пользование нашим сервисом!

закроется через 2 секунды